Там 14, 2020 19:24 Asia/Almaty
  • Трамп Израиль мен БАӘ-нің келісіміне асығыс реакция білдірді

АҚШ Президенті Ақ үйдің сыртқы саясатына қарсы ауқымды сындарға жауап беру мақсатында асығыс реакция білдіріп, Израиль мен БАӘ-нің бітім келісімін қолдады.

«Спутник» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Дональд Трамп АҚШ, Израиль мен БАӘ-нің ортақ мәлімдемесін таратып, Твиттердегі жеке парақшасында: «Осы үшжақты келісімнің негізінде қарым-қатынас толығымен қалыптандырылады»,-деп жазды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да сионистік режим  мен БАӘ-нің өзара қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісімін ақтай келіп, бұл шараны дұрыс жолдағы ірі қадам деп атады.

АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік  жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайан: «Израиль мен БАӘ-нің  өзара қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісіміне алдағы апталарда Ақ үйде қол қойылады»,-деп мәлімдеді.

Кейбір араб елдерінің басшылары сионистік режимнің палестиналықтарға жасап жатқан қылмыстарын ескерместен,  Тель-Авивпен қарым-қатынасты қалыптандыруды көздеп отыр.

Сараптама