Там 15, 2020 18:30 Asia/Almaty

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту үшін жасаған талпынысы нәтиже бермеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарының алғынұсқасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 11 қалыс, 2 оң және 2 теріс дауыспен  қабылданбай тасталды.

АҚШ пен Доминикан республикасы бұл қарарға оң дауыс берді. Қытай мен Ресей қарсы дауыс беріп, қалғандары қалыс қалды.  

Осылайша Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізінде 2020 жылдың қазан айында күшін жояды.  

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео елінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ауыр жеңіліске ұшырағанынан кейін: «Бұл кеңес Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын 13 жылға ұзартуға берілген қисынды қарарды қабылдамай тастады»,-деп уәж айтты.

Помпео Иранға қарсы жалған айыптарын қайталап, Вашингтон талпыныстарының зая кеткеніне ызаланып: «АҚШ осы саладағы өз талпыныстарын жалғастыра береді»,-деді.

Сараптама