Қыр 16, 2020 21:12 Asia/Almaty

Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейннің басқыншы сионистік режим арасындағы бітім келісіміне қол қою рәсім АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен кеше, 15 қыркүйекте Ақ үйде өтті.

 

БАӘ сыртқы істер министрі Абдалла бен Заид Әл Нахаян,   Бахрейн сыртқы істер министрі Абдель Латыф аз-Зайяни, сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху мен Дональд Трамп: «Бұл келісім Батыс Азяи аймағындағы қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшіліктің орнатылуына жағдай жасайды»,- деп уәжденді.

Тәуелсіз сарапшылардың көбінің пікірінше, бітім келісімі әртүрлі дәлелдермен Батыс Азиядағы бейбітшілікке әкелмейді және бірнеше себептен кешірілмейтін күнә болып табылады. Бірінші және ең маңызды себеп - сионистік режимнің бұл келісімнің алдында басып алынған жерлердің ешбір бөлімін азат етпеуі. Тіпті Палестинаның аймақтарының көбінде шапқыншылық тоқтамады, сондай-ақ Газа секторының 14 жылдық залым қоршауы алынбады. АҚШ университетінің профессоры Дэвид Ягубян бұл туралы:  «БАӘ мен Бахрейн басшылары халық арасында тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатып, аймақ елдерімен ынтымақтастық етудін орнына Нетаньяху мен Трампқа көзін тігуде»,- деді. Келесі себеп – бітім келісімінің іс жүзінде БАӘ мен Бахрейнді кемсітуі. Сионистік режим саяси, қауіпсіздік және экономикалық салаларда көптеген ішкі қиындықтармен бетпе-бет келуде. БАӘ және Бахрейнмен келісім сионистік режим үшін қауіпсіздік пен экономикалық мүмкіндіктер ұсына алады, бірақ Дональд Трамп қол қою рәсімінде бұл келісім БАӘ мен Бахрейн  үшін экономикалық мұрсат пен одан әрі дамуына мүмкіндік беретіні туралы мәлімдеді. Басқаша айтқанда АҚШ Президенті БАӘ мен Бахрейн бұл келісімді сионистік режимнен гөрі көбірек қажет етеді деп санайды.

Сонымен бірге АҚШ үкіметінің БАӘ мен Бахрейн делегацияларын күтіп алу түрі оларды кемсіту болды. Бахрейн сыртқы істер министрі Абдель Латыф аз-Зайяниді күтіп алуға АҚШ Мемлекеттік хатшысы шықпады, оны лауазымдары төмен топ күтіп алды. Трамптың бұл елдерге «саумалы сиыр» ретінде қарауы АҚШ президентінің араб елдерін төмен деп санауын көрсетеді. БАӘ мен Бахрейннің азаматтық белсенділерінің аталмыш келісімге қарсылық білдіру себептерінің бірі АҚШ үкіметінің бұл елдерді құрметтемеуі болып табылады.  Бітім келісімінің кешірілмейтін күнә болуының үшінші себебі – бұл келісімінің ислам әлеміндегі қайшылықтарды арттыруы. Исламдық халықтардың көбі, сондай-ақ бірқатар исламдық үкіметтер бұл келісміге қарсылық білдіруде және оны Палестина мен ислам әлеміне қарсы қиянат деп санайды.  

 

Тегтер

Сараптама