Қыр 18, 2020 19:12 Asia/Almaty
  • Лавров: АҚШ-тың Иранға қарсы талпыныстары тығырыққа тіреледі

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы қатынасын сынап: «Вашингтонның Теһранға қарсы санкциялары тығырыққа тіреледі»,-деп мәлімдеді.

Сергей Лавров жұма күні  Russia Today агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы жауластық әрекеттерін қатаң сынап: «АҚШ-тың Иранды әлсірету үшін қолданып жатқан санкциялары ешқашан нәтиже бермейді»,-деді.

Лавров: «Вашингтонның Батыс Азия мен Солтүстік Африка мәселелері туралы диалог ұйымдастыруға талпынысы да Иранға қарсы әрекетіндей нәтижесіз болмақ»,-деді.

Тегтер

Сараптама