Қыр 18, 2020 20:08 Asia/Almaty
  • Еуропа одағы Беларусьқа қатысты Венесуэла мен Украина сценарийін қайталаудан бас тартуы керек

Ресейдің Еуропа одағындағы тұрақты өкілі еуропалық елдерге Беларусьқа қатысты Венесуэла мен Украина сценарийін қайталаудан бас тартуға кеңес берді.

Владимир Чижов бір сұхбатында Еуропаның Венесуэла мен Украина дағдарыстарына араласқанына тоқталып, бұл одақтан Беларусьта да осындай сценарий ұстанудан бас тартуға шақырды.

Еуропа Парламенті бейсенбі күні мәлімдеме таратып, 5 қарашада Беларусьтың қазіргі үкіметінің мерзімі аяқталған соң Александр Лукашенконы осы елдің ресми президенті ретінде танымайтынын айтып, сес көрсетті.

Осы уақытқа дейін Еуропа одағына мүше елдердің көбі ішкі іске араласушылық  ұстаным білдіріп, одақтың Беларусьтағы наразылықтарды қолдауы қажеттігін қуаттады.

Сараптама