Қыр 19, 2020 15:12 Asia/Almaty
  • Иранға қарсы санкцияларды қайтаруды көздейтін кез келген әрекеттің заңды күші жоқ

Британия, Германия мен Франция АҚШ-тың Иранға қарсы БҰҰ-ның санкцияларын қайтару талпынысын қолдамады.

Британия, Германия мен Франция жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында 20 қыркүйектен кейін де Иранға қарсы санкциялардың күшіне енгізбеу үдерістін жалғасатынын қуаттап, Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіру туралы кез-келген шешімнің немесе әрекеттің заңды емес екенін мәлімдеді. Бұл үш мемлекет өз хатында Иранның ядролық келісіміне («Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына) табанды қалатындарын қуаттады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан АҚШ еуропалық серіктестерінің қолдауына иеленіп, Иранға қарсы санкциялардың күшін жоюға тыйым салғысы келді. Осыған байланысты АҚШ 20 тамызда Қауіпсіздік кеңеске мәлімдемесін жіберіп, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғаны жөнінде уәжденіп, 2020 жылдың 20 қыркүйегінен бастап, Иранға қарсы халықаралық санкцияларды қайта күшіне енгізуді талап еткен болатын. Бірақ АҚШ-тың талабы Қауіпсізідк кеңестің мүшелерінің қарсылығымен кезікті.

 

Тегтер

Сараптама