Қыр 19, 2020 21:11 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Африка АҚШ-тың Иранға қарсы айыптауын жоққа шығарды

Трамп үкіметі Иранға қысым көрсету ұстанымы аясында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан ядролық келісімінен шыққаннан кейін Иран экономикасын нысанаға алу үшін мейілінше қысым көрсету саясатты жүргізіп қана қоймай, сонымен бірге ИИР-на қарсы психологиялық және насихаттық соғыс ашу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады.

 

Олардың бірі Құдс күштерінің шәһид қолбасшысы сардар Солейманиге жасалған қастандық үшін кек алу мақсатпен Иранның Оңтүстік Африкадағы АҚШ елшісіне террор жасамақ болды деген уәжі болды. Бұл уәждер Оңтүстік Африканың теріс реакциясымен бетпе-бет келді. Оңтүстік Африканың сыртқы істер министрі: «Бұл өте таңқаларлық уәж. Біздің ирандық достарымыз осы мәлімдеменің жарияланғанынан біз сияқты таң қалды»,- деді. Бұдан бұрын  Politico басылымы белгісіз дереккөздерге сілтеме жасап: «Иран сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет үшін кек алу мақсатымен Оңтүстік Африкадағы АҚШ елшісіне террор жасағысы келді»,- деп уәжденді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео де бұл басылымның уәждерін қайталап: «Иранның террор жасау мақсаты болды»,- деп мәлімдеді. Бұл мәселе АҚШ президенті Дональд Трамптың Тегеранға қоқан-лоққы жасау құралына айналды. Трамп Twitter-де Иранға бұрын-соңды болмаған қоқан-лоққы көрсетіп: «АҚШ-қа қарсы кез-келген шабуыл   Иранға қарсы мың есе күштілеу жауаппен бетпе-бет келеді»,- деп жазды.  АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ эмбаргосын ұзарту жоспары орындалмаған және Қауіпсіздік Кеңесіне мүше мемлекеттер АҚШ-тың Иранға қарсы халықаралық санкцияларды автоматты түрде қайтару талабын қолдамаған жағдайда Трамп  Теһранды әскери қоқан-лоққымен қорқытуда. Ресейлік саяси сарапшы  Михаил Шинкманның пікірінше, «Иранға қарсы кез-келген әскери шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ одан қалай құтылуды ешкім білмейтін жағдайға тап болады». Сондай-ақ Иран Трамптың ұстанымына қатты реакция білдірді. Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Трамптың қоқан-лоққыларына реакция білдіріп: «Ислам республикасы сардар Солеманиге қарсы террорға тікелей немесе тікелей емес қатысты адамдарды нысанаға алады»,- деді. БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкіл Маджид Тахтраванчи бұл ұйымның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне хат жіберіп, АҚШ президентінің Иранға қарсы соңғы қоқан-лоққыларына наразылығын білдірді. Қазіргі кезде Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрінің бұл елдегі АҚШ елшісіне Иранның террор жасау талпынысы туралы сөзінен кейін АҚШ-тың айыптарының негізсіз болуы әшкереленді.

 

Тегтер

Сараптама