Қыр 21, 2020 19:24 Asia/Almaty

Бүгін Ресейдің Оңтүстік Кавказ аймағында осы ел, Иран, Қытай, Пәкістан, Қазақстан мен Тәжікстанның әскери-опертивтік бөлімшелерінің қатысуымен «Кавказ-2020» бірлескен әскери жаттығуы басталды.

4 күнге созылатын осы стратегиялық әскери жаттығуға ресейлік және халықаралық әскери күштерден 80 мыңнан аса адам қатысады. Олардың ішінде әуе, теңіз және құрлық күштеріне, арнайы зымырандық қорғаныс және электронды соғыс бөлімшелеріне тиесілі әскерилер қатысады.

Ресей Қорғаныс министрі: «Кавказ-2020» жаттығуына іс жүзінде қатысатын елдермен қоса, Армения, Шри-Ланка, Индонезия мен Әзірбайжан елдері де бақылаушы ретінде қатысатын болады»,-деп мәлімдеді.   

Тегтер

Сараптама