Қыр 24, 2020 15:10 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Мәскеуге сапары алдында: «Ресей мен Қытай АҚШ-тың заңбұзушылығына қарсы жетекшілік рөл ойнады»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф: «Ресей үкіметі мен оның БҰҰ-дағы өкілдігі соңғы бірнеше айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қытаймен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ең жақсы ұстаным білдіріп, АҚШ-тың заңбұзушылығына қарсы жетекшілік рөл ойнады»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Ресеймен түрлі тақырыптар жөнінде саяси кеңесулер өткізіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылау үшін сәрсенбі күні Мәскеуге аттанды.  

 

Тегтер

Сараптама