Қыр 24, 2020 22:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-та биліктің бейбіт тасымалданатынына күмән бар

Бір айдан аса уақыттан кейін АҚШ-та президенттік сайлау өтеді. Соған байланысты АҚШ қоғамында дау-жанжал күн сайын өршіп барады.

Соңғы жағдайда Дональд Трамп АҚШ-тың алдағы сайлауында заңбұзушылық болатынын айтып, президенттік сайлау нәтижесінің осы елдің Жоғары федералдық соты тарапынан белгіленетінін айтты. Ол қазы Рут Бейдер Гинзбургың қайтыс болғанынан кейін бос қалған Жоғары федералдық сот басшысын сайлауға дейін тағайындау қажеттігін айтты. Трамп, сондай-ақ, 3 қарашадағы сайлаудан кейін биліктің бейбіт түрде тасылданатыны туралы тура жауап беруден жалтарды.  

Сауалнама нәтижесі бойынша демократтардың үміткері Джо Байденнің танымалдығы Дональд Трамптан артып тұр. Тіпті жылдар бойы республикашылдардың ықпал аймағына айналған Джорджия мен Техас сияқты кейбір штаттарда демократ үміткердің жеңу ықтималы зор екені жарияланды. 2016 жылы Трамп демократ бәсекелесін жеңе алған штаттардың көбінде республикашылардың жағдайы алаңдатарлық деп жарияланды.

Осындай жағдайды назарға ала отырып, Трамп пен оны қолдаушылары сайлаудың нәтижесін штаттар мен сайлау учаскелерінің көбінде түйткілге ұшыратып, сотқа шағым түсіруі мүмкін. Әрине АҚШ-та сайлау өткізу және дауыс санау тәсілінің ұзақ тарихы бар. 2000 жылы Флорида штатындағы шағымдар АҚШ-тың Жоғары федералдық сотына жетті. Ақырында консерват қазылар либерал қазылардан басым түсіп, сот Флорида штатында дауысты қайта санауды тоқтатуға үкім шығарды. Сөйтіп, республикашыл Джордж Буш билікке келді.  

Трамп бұдан біраз уақыт бұрын егер демократтар заң бұзбаса, сайлауда жеңілмейтінін айтты. Демократтар партиясынан президенттікке үміткердің орынбасары Камала Харристің айтуынша, демократтардың жеңілісі тек Ресей АҚШ-тың сайлауына қайта араласқан жағдайда ғана орын алады.

Басқа сөзбен айтқанда, республикашылдар мен демократтар бұрынғы сайлау кезеңдеріндегідей сайлаудың нәтижесі мен ықтималды жеңілісті дау-дамайсыз және соттың үкімінсіз қабылдауды көздеп отыр. Бұған қарамастан, маңызды сұрақ мынау: АҚШ Президенті сайлауда жеңілу мүмкіндігін қабылдай ма? Билікті бейбіт түрде халықтың қалаулы президентіне бере ме, жоқ па?   

Тегтер

Сараптама