Қыр 27, 2020 20:11 Asia/Almaty
  • Беларусь СІМ Батыс елдерінің ішкі іске араласуды жалғастыруын сынады

Беларусь Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясында бейнемәлімдеме жасап, Батыс елдерін Беларусьта бейберекеттік тудырып отыр деп айыптады.

Владимир Макей Батыс елдерінің Беларусьтағы көше наразылықтарын қолдап отырғанына тоқталып, Батыс елдерінің Беларусьтың ішкі ісіне араласуының салдары жайлы ескерту жасады.

9 тамызда Беларусьта өткен президенттік сайлауда Александр Лукашенко жеңіске жеткеннен кейін елде сайлау нәтижесіне наразылардың шеруі басталды.

Беларусь Президенті Батыс елдерін Беларусьтың ішкі ісіне тікелей араласып отырғаны және түрлі түсті революция тудыруға талпынып жатқаны үшін сынға алды.

Сараптама