Қыр 27, 2020 21:26 Asia/Almaty
  • Батыс және америкалық ұйымдар Қырғызстанның ішкі ісіне араласуды жалғастырып жатыр

АҚШ бастаған Батыс елдері тыңшылық ұйымдар мен мемлекеттік емес мекемелердің көмегімен Қырғызстанның мемлекеттік және әскери органдарына енуді бұрынғыдай жалғастырып жатыр.

Осыған орай Қырғызстанның ұлттық мәжілісіне сайлау үдерісін бақылау орталығы өз есебінде: «Батыс пен АҚШ-тың кейбір ұйымдары Қырғызстанның ішкі ісіне араласып отыр»,-деп мәлімдеді.

Қырғызстандағы парламенттік сайлау үдерісін бақылайтын «Келешекке бастар жол» атты мониторинг орталығының директоры Тұрсынбек Ахон  Батыс пен АҚШ-тың кейбір ұйымдарының Қырғызстандағы парламенттік сайлау кезіндегі әрекеттерін ішкі іске араласу және елдің конституциясын бұзу деп атады.

Бішкек үкіметіне қарасты бір мекеменің Батыс пен АҚШ-тың кейбір ұйымдары Қырғызстанның ішкі ісіне араласып отыр деп мәлімдеме жасауы алғаш рет емес. Қырғызстан АҚШ пен Еуропа елдері үшін маңызды ортаазиялық ел болып саналады. Сол себепті америкалық және еуропалық тыңшылық ұйымдар үнемі осы елге қаражат салып келеді. Хабардар дереккөздерінің айтуынша,  соңғы жылдары АҚШ-тың тыңшылық ұйымдары Қырғызстанда ішкі жағдайды тұрақсыздандыру үшін Вашингтоннан 780 млн-нан аса доллар алған. Осынша қаражат жұмсаудың мақсаты – Қырғызстан Парламентінің жаңа шақырылымына батыстық көзқарастағы саясаткерлерді енгізу. Осылайша жаңа депутаттар, мысалы, Қырғызстанның Ресей және Қытаймен байланысын бұза алады. Сондықтан  Бішкекте шығатын бір апталық басылым өткен ақпан айында АҚШ елшілігінің  Қырғызстанды тұрақсыздандыру үшін оппозиционерлерге қаражат жеткізудегі рөлін әшкерелеп: «АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі  осы елдегі парламенттік сайлау қарсаңында елдің ішкі жағдайын тұрақсыздандыру үшін үкіметке қарсыларға қаржылай көмек берді»,-деп жазды.   

«Дело» атты орыстілді апталық басылым 2019 жылдың ақпан айындағы №5 санында: «АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі парламенттік сайлау қарсаңында Бішкек үкіметіне қарсы топтарға 60 млн доллар қаржылай көмек берді»,-деп жазды.   

Бішкек үкіметі Батыс елдерінің Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға бағытталған заңсыз талпыныстарына сан рет реакция білдірді. АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі мен еуропалық ұйымдардың әрекеттері олардың батыстық гуманитарлық ұйымдар мен мемлекеттік емес құрылымдарды (N.G.O) пайдаланып, Қырғызстанда өздерінің заңсыз мақсаттары мен талап-тілектеріне жеткісі келетінін көрсетеді.

Тегтер

Сараптама