Қыр 28, 2020 18:45 Asia/Almaty

Кеше басталған қақтығыстарда екі жақтың да адам шығыны мен жаралылар саны артып барады. Екі ел де соғыс жағдайын жариялады.

Қос тарап Ақдәрре мен Мурудақ аудандарындағы кейбір таулар мен 6 ауылды басып алу үшін бір-біріне оқ жаудырды.

ИИР Сыртқы істер министрі Әзірбайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесіп, екі тарапты ұстамдылық танытып, жауластық пен атысты дереу тоқтатып, халықаралық құқықтар мен заңдар аясында келіссөздерді бастауға шақырды.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы да екі елді ұстамдылық танытып, Қарабақ дағдарысын бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Әзірбайжан мен Армения арасында Қарабақ аймағы үшін қайшылықтар 1988 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Тегтер

Сараптама