Қыр 29, 2020 20:11 Asia/Almaty
  • Ирандық бензиннің жаңа партиясы Венесуэлаға жетті

АҚШ-тың қастықтары мен қысымдарына қарамастан Иран жанар майының екінші партиясы Венесуэлаға жетті. Иранның жанармайды тасымалдайтын Forest танкерінің Венесуэла суларына кіруімен Иран-Венесуэла қатынастарын дамыту саласында мықтылау қадам жасалды.

 

Forest  танкері - екінші рет Венесуэлаға қарау бет алған Иранның жанар май таситын үш танкерінің біріншісі. Қазіргі кезде ол Оңтүстік Америка суларына кірді. Жақында тағы екі танкер - Fаxon және Fortune Венесуэланың суларына жетеді.

Біраз уақыттан бері АҚШ-тың санкциялық қысымдарымен бетпе-бет келген Венесуэла соңғы айларда бензиннің тапшылығымен бетпе-бет келді. Мұнай өндіретін нысандардың ескіруі мен АҚШ санкциялары бұл нысандарды жөндеу жұмыстарды және елді бензинмен қамтамасыз етуді  қиындықтарға тіреді. Негізінде АҚШ санкциялары мұнай өндіретін зауыттарды жөндеуге кедергі тудырды. Саяси маман Саймон Эррера Клис бұл салада: «Өткен үш жылдағы АҚШ Қаржы министрілігінің санкциялары Венесуэланың ұлттық мұнай компаниясының жұмыстарына зардап келтіріп, мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерінің төмендеуіне себеп болды»,- деді.

АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан Иран Венесуэланың одақтасы ретінде бес танкерін жіберіп, Венесуэлаға бензин тапшылығының бір мөлшерін қамтамасыз етуге көмектесті. Иранның бұл әрекеттері америкалық басшылардың қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келді. Бірақ бұл қоқан-лоққыларға қарамастан ирандық танкерлер Венесуэла суларына енді. Бұл тақырып АҚШ саясаттарының сәтсіздікке ұшырауын білдіреді.  Саяси сарапшы Абдолбари Атван ирандық танкерлерді Венесуэлаға жіберу жөнінде: «Ирандық танкерлердің Венесуэла жағалауына жетуі АҚШ Президенті Дональд Трамп  пен америкалық отаршыларға соққы болып табылады»,- деп жазды.

АҚШ қоқан-лоққыларына қарамастан Иранның жанар май тиелген танкерлерінің екінші рет Венесуэла суларына жетуі Ислам республикасының күш-қуаты мен екі елдің АҚШ санкцияларын жеңу үшін өзара ынтымақтастықтарын арттыру жігерінің белгісі. Қорыта айтқанда, Иран мен Венесуэла ғана емес әлемнің елдерінің көбі енді АҚШ-тың қоқан-лоққыларын қабылдамайды және санкциялық саясаттарды қолдамайды деген ой туады.

 

Тегтер

Сараптама