Қаз 15, 2020 19:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің бірлескен тілтану орталықтарын дамыту қажеттігі қуатталды

Иранның Ресейдегі елшісі екі елдің бірлескен тілтану орталықтарын дамытуды өзара мәдени қарым-қатынасты кеңейтудің ең маңызды факторы деп атады.

Казем Джалали «Азия мен Африка тілдері мен мәдениеттері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда тілдің елдер мен мәдениеттерді байланыстыратын фактор екенін айтып: «Парсы және орыс тілдері Иран мен Ресейді байланыстыруда айрықша рөл ойнайды»,-деді.

«Азия мен Африка тілдері мен мәдениеттері» атты алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференция бейсенбі күні Мәскеу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен және Иранның Ресейдегі елшісінің қатысуымен онлайн форматта өтті.

Тегтер

Сараптама