Қаз 17, 2020 18:11 Asia/Almaty

Әзірбайжан мен Армения күштері бүгін таңертең бір-бірінің позицияларын зымыран және зеңбірекпен атқылады.

Армения күштері өткен түні Әзірбайжанның Гәндже қаласына шабуыл жасап, 12 адамды өлтіріп, ондаған адамды жаралады. 

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев  Бакудың оңтүстік-батысынан 245 км қашықтықта орналасқан және 27 жылдан аса уақыт бойы Армения күштерінің қолында болған Фзули қаласы мен оның маңындағы бірнеше ауылдың азат етілгенін хабарлады.  

Әзірбайжан Президенті бұл елдің тек Қарабақта жеңіске жеткенінен кейін бітімгер күштерді қабылдау туралы сұхбаттасатынын айтты.

Армения Премьер-министрі өз елінің Мәскеудің араағайындығымен қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарабақта қақтығыстарды тоқтатып, бітім орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

Иран қақтығысушы тараптардың Мәскеу бітім келісіміне берік болуы қажеттігін тағы да қуаттап, тұрғын аудандарға шабуылды айыптады.

Тегтер

Сараптама