Қаз 17, 2020 19:02 Asia/Almaty

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні Қарабақ дағдарысын талқылау үшін жабық жиналыс өткізді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері дүйсенбі күні Әзірбайжан мен Арменияны әскери қақтығысқа алып келген Таулы Қарабақ дағдарысын талқылады. Жиналыс Минск тобының мүшелері Франция, Ресей мен АҚШ-тың сұрауымен өткізілді.

Қарабақ аймағындағы Әзірбайжан мен Армения қақтығысы 27 қыркүйекте басталып, осы күнге дейін қос тараптан бірқатар адамның қаза табуына әкеліп соқтырды.  

Тегтер

Сараптама