Қаз 17, 2020 20:11 Asia/Almaty
  • АҚШ Путиннің New Start келісімін бір жылға ұзарту жобасына қарсы

Трамп үкіметі қару-жарақтарды бақылау келісімдерінен шығу деген бүлдіргі қатынас ұстап отырғанына байланысты қазір осы саладағы ең маңызды келісімдердің бірі, яғни New Start деп аталатын стратегиялық ядролық қару-жарақтарды азайту келісімінің болашағы бұлыңғыр болып отыр. Вашингтон іс жүзінде осы келісімді жою жолында әрекет етуде.

Ақ үйдің қауіпсіздік  кеңесшісі Роберт О’Брайен жұма күні Ресей Президенті Владимир Путиннің New Start келісімін ұзартуға бағытталған жобасын қабылдамай тастады. Путин бұдан бұрын 2010 жылы сәуірде Ресей мен АҚШ арасында қол қойылған келісімнің ешбір шартсыз, әсіресе ядролық қарулар өндірісін тоқтатпаусыз бір жылға ұзартылуына ұсыныс жасаған болатын.  

О’Брайен: «Путиннің New Start келісімін ядролық қару өндірісін тоқтатпай-ақ ұзарту туралы ұсынысы нәтиже бермейді. АҚШ бүкіл әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ядролық қару-жарақтарды бақылауға шынайы кіріскен. Ресей шығыны көп қару-жарақ бәсекелестігін бастамас бұрын ұстанымын өзгертетініне үміт білдіреміз»,-деді.

Бұдан бұрын америкалық басшылар екі ел келісімгерлерінің ядролық арсеналды азайтуды жалғастыру туралы бастапқы келісімге келгенін хабарлаған болатын. Бұл келісім Мәскеу мен Вашингтонның екі ел арасындағы 2021 жылдың ақпан айында күшін жоятын қару-жарақты бақылау туралы жалғыз хаттамасын сақтап қалу үшін жасалған болатын.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік  кеңесшісінің Путинның ұсынысына қарсы ұстаным білдіруі Вашингтонның New Start келісімінің ұзартылмау кінәсін Мәскеуге артып қоюды көздегенін көрсетеді. Шын мәнінде Трамп үкіметінің келісімді ұзартуға қойған шарттарын Ресей ешқашан қабылдамайды.

АҚШ  New Start келісімін бір жылға ұзарту үшін Ресейден ядролық арсеналын арттыруға ешбір шара қолданбауын сұрап отыр. Әрине бұл тек хаттамада белгіленген ядролық қаруларға ғана қатысты емес. Вашингтон Ресей тарапынан осы аралықта ешқандай ядролық қарудың жасалмауын талап етіп отыр.  

Ақырында АҚШ New Start келісімінің басқа бір келісіммен алмастырылуын қалайды. Онда стратегиялық емес ядролық қарулар, яғни тактикалық ядролық қарулар да шектетіледі. Вашингтон, сондай-ақ, жаңа келісімге Қытайды да қосып, оның да қару-жарақтарын бақылау қажеттігін қуаттап отыр.

Ал бұл жағдайда Бейжің өзінің ядролық арсеналын шектеуге ниеттеніп отырған жоқ. Оның арсеналы әзірге шағын ғана, алайда арту үстінде. Шын мәнінде Қытай басшылары осы уақытқа дейін  бірнеше рет New Start хаттамасына қосылуға қатаң қарсылығын білдірген болатын.

Трамп үкіметі Ресей Президентінің соңғы ұсынысын қабылдамағаннан кейін енді New Start келісімін ұзартуға үміт азайды.

Стратегиялық мәселелер жөніндегі сарапшы Виктор Ясиннің айтуы бойынша, New Start келісімін ешбір алғышартсыз ұзартуға дайын Мәскеуге керісінше Вашингтон оны сақтау үшін қисынға келмейтін шарттар ұсынып отыр.  

Осылайша АҚШ-тың жанжалды басшысы Дональд Трамп сайлауалды науқанында қолдана алатын тағы бір «көзірінен» айырылды.  Ал бұл жағдайда әлемдік қауымдастық хаттаманың ұзартылуын қалайды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш АҚШ пен Ресейден New Start келісімінің жаһандық қауіпсіздікке маңыздылығын ескеріп, оны тез арада 5 жылға ұзартуды сұрады.  

Тегтер

Сараптама