Қаз 19, 2020 18:00 Asia/Almaty

ИИР Президенті Ауғанстанда бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін жасалып жатған талпыныстарды қолдап: «Иран үкіметі мен халқы әрдайым Ауғанстан үкіметі мен халқының қасынан табылады»,-деді.

Рухани дүйсенбі күні Теһранда Ауғанстанның Ұлттық бітім жоғары кеңесінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесіп, бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған талпыныстардың нәтижелі болатынына үміт білдіріп: «Бәрінен маңыздысы Ауғанстан халқы жылдар бойғы соғыс пен қақтығыстардан кейін шынайы бейбітшілікке қол жеткізіп, өз жетістіктерін сақтап қалуы тиіс. Бұл үшін ауғандар арасында саяси диалог жүргізілуі тиіс»,-деді.    

Иран Президенті АҚШ-тың Ауғанстанға басқыншы ел ретінде кіріп, ішкі ісіне араласуын осы ел халқының талап-тілегіне қайшы әрекет деп атап: «АҚШ үкіметі Ауғанстандағы бейбіт келіссөздерді сайлау науқанының тақырыбы ретінде пайдалануды көздеп отыр»,-деді.

Тегтер

Сараптама