Қаз 20, 2020 20:46 Asia/Almaty
  •  Қытай  АҚШ-қа қарсыласу мақсатпен  сезімтал заттарды экспорттау туралы жаңа заңын бекітті

Қытайдың ресми бұқаралық ақпарат құралдары Бейжіңнің Қытайдың мүдделеріне қарсы бақылау шараларын қолданатын елдерге қарсы шара қолдану мақсатында кейбір бақыланатын тауарлардың экспортын шектейтін заң қабылданғанын хабарлады.

 

Барлық қытайлық компанияларға қатысты заңды жексенбіде Бүкілқытайлық халық жиналысының тұрақты комитеті (Қытай парламенті) мақұлдады және бұл заң 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Қытайлық ақпарат құралдардың хабарлауынша, жаңа заң Бейжіңге АҚШ-тан кек қайтаруға мүмкіндік береді. Көптеген саяси сарапшылар АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болу үшін арандатушылық әрекеттерді жасады деп санайды. Басқаша айтқанда, Трамп сайлауға жақындап, Қытайға қысым жасауды күшейту арқылы американдық сайлаушыларды өзіне тартып, өзін американдық жұмысшы табының құтқарушысы ретінде таныстыруға талпынып, бұл стратегиямен өзінің  көне одақтастарын Қытайға қарсы экономикалық соғысқа қосылуға қысым жасауда. Қытай мен АҚШ сауда, адам құқығы, технологиялар және тіпті коронавирус сияқты мәселелерде ұзақ уақыт бойы келіспеушіліктерге ие. Трамптың Қытайға қатысты сайлау алдындағы көзқарасына қарамастан, көптеген сарапшылар Қытайдың АҚШ-пен бәсекелестікке шығып, екі державаның арасындағы геосаяси бәсекелестіктің күшейуіне назар аудартады.деп санайды. Сонымен қатар, АҚШ аймақтық және жаһандық құралдармен Қытайды оқшаулау саясатын күн тәртібіне қойды деп болжануда. Шын мәнінде, АҚШ-тың сауда соғысынан бастап Тайваньға қару-жарақ сатуға дейінгі саясаты  Қытайды бақылауға алуды көздейді. АҚШ президентінің дипломатиялық емес әрекеті және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері басшыларының Трамптың өз уәделеріне берікті қалуына алаңдауы жағдайды нашарлатып, таразыны Қытайдың мүддесіне шешті.

 

Тегтер

Сараптама