Қаз 23, 2020 21:05 Asia/Almaty
  • Трамп пен Байденнің соңғы пікірталасы

АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлаудың екінші және соңғы пікірталасы республикашыл үміткері Дональд Трамп пен демократтар үміткері Джо Байден арасында Теннеси штатының Нэшвилл қаласында өтті.

 

Пікірталаста  Трамп пен Байден американдық сайлаушыларды қызықтырған бірқатар тақырыптарды, ең алдымен Корона мәселесін және оның экономикалық және әлеуметтік зардаптарын талқылады. Байден Трамптың осы саладағы жұмысына күмән келтіріп, 3 қарашадағы сайлауды Трамп үкіметінің төрт жылдық жұмысы туралы референдумға айналдыруға талпынды. Трамп Байденнің 47 жылдық саясаткерлігіне шабуыл жасап, 3 қарашадағы сайлауды халықтың бұрынғы үкіметтің әрекеттеріне ризалық  білдіру деп таныстырды. Алайда, бұл дебат АҚШ-тағы президенттік сайлауының нәтижесіне шешуші әсер етпейтін сияқты. 3 қарашадағы дауыс берудің аяқталуына әлі 10 күндей уақыт қалды. Қалған 10 күн ішінде сайлау тағдырына әсер ететін күтпеген оқиғалар немесе таңқаларлық жайттар орын алуы мүмкін.     Соңғы күндері екі қарсыластың сайлау штабтары әшкерелейтін мәліметтер  жария ету үшін маңызды ақпаратқа қол жеткізуге күш салуда. Демократтар президенттің заңсыз әрекетін дәлелдеу үшін Трамптың құпия қаржылық ақпаратына, оның ішінде Қытай сияқты басқа елдердегі банктік шоттарын іздеуді жалғастыруда. Республикашылар Байденнің отбасының Украина немесе тіпті Қытайдағы қаржылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты дәлелдеуге шоғырлануда. Бұл әшкерелеулердің әрқайсысы АҚШ президенттігіне кандидаттардың сенімділігі мен беделіне нұқсан келтірді. Болжамдар бойынша, ұқсас ақпарат алдағы күндері таратыла береді. Әрине коронавирусқа шалдыққан сегіз миллион және бұл вирустың салдарынан қаза болған 220 мың адамның отбасы, сондай-ақ АҚШ-тың экономикалық дағдарысының ондаған миллион құрбаны үшін Вашингтонның саяси және партиялық дау-дамайлары мен орындамайтын уәделері емес, үміткерлердің қоғамды қазіргі қиындықтарынан шығаратын жобалары маңызды. Бұл тақырып американдық саяси жүйенің заңдылығы мен тиімділігі дағдарысына қосылып, елдегі басқару органына қарсы наразылықты арттырды. Los Angeles Times газеті бірнеше күн бұрын өз мақаласында: «2020 жылғы сайлаумен бірге АҚШ демократиясының келешегі қауіпке ұшырайды»,- деп жазды.

  

 

Сараптама