Қаз 24, 2020 15:10 Asia/Almaty
  • Орта Азия елдерінде коронавирусқа шалдыққандар мен оның салдарынан қаза болғандардың саны артты

Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан Денсаулық сақтау министрліктері коронавирусқа шалдыққандар мен оның салдарынан қаза болған адамдар санының артуын растап, азаматтарынан санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауды талап етті.

 

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі өз мәлімдемесінде тағы 582 адамның коронавирусты жұқтырғанын растап, коронавирус пандемиясының басталуынан бері осыншама адамның анықталуының бұрын-соңды болмағанын  мәлімдеді.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі де коронавирус жұқтырған тағы 179 адамның анықталуын және өткен 24 сағаттың ішінде 5 адамның бұл аурудың салдарынан қаза болғанын хабарлады. Сөйтіп Қазақстанда жалпы бүгінге дейін коронавирусқа шалдыққандардың саны 110086 адамға жетті, олардың ішінен 105493 адам жазылды және 1811 адам қаза болды.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 115 адамның коронавирус жұқтыруымен, олардың саны бұл елде 64633 адамға жетті.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі де өткен тәулікте тағы 40 адамның коронавирус жұқтырғанының анықталғанын растап, бұл елдегі коронавирусқа шалдыққан адамдар санының 10653 адамға жеткенін жариялады.

 

Тегтер

Сараптама