Қаз 26, 2020 21:14 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения гуманитарлық көмек беру мақсатында үшінші рет атысты тоқтату келісіміне қол қойды

Әзірбайжан мен Армения бірлескен мәлімдеме жасап: «Дүйсенбі, 26 қазан күні таңертең Қарабақ қайшылығына қатысушы тараптар Вашингтонда гуманитарлық көмек беру мақсатында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды»,-деп жариялады.

Бұл – Қарабақ қайшылығына қатысты тараптардың атысты тоқтату туралы үшінші келісімі. Алғашқы екі бітім орындалу кезеңіне жетпес бұрын жауласушы елдер тарапынан бұзылды. Вашингтонда гуманитарлық мақсатта атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылуы Еуропадағы қауіпсіздік  пен әріптестік ұйымына қарасты Минск араағайын тобының ортақ басшыларының бірі АҚШ-тың Қарабақ мәселесіне қатысты Арменияның позициясын қолдап отырған жағдайында орын алды. Вашингтонда келісімге келмес бұрын АҚШ Өкілдер палатасының барлау комитетінің еврей басшысы Адам Шифф АҚШ үкіметінен Таулы Қарабақ аймағының тәуелсіздігін ресми түрде тануды сұрады. Ол Твиттердегі жеке парақшасында: «Мен АҚШ-тан Таулы Қарабақ республикасының тәуелсіздігін ресми түрде тануды сұраймын»,-деп жазды.  

АҚШ Өкілдер паласындағы осы сионист өкіл: «АҚШ Әзірбайжан мен Түркияға  Таулы Қарабақ аймағына қарсы соғысты жалғастырып, жүздеген әскери адам мен бейбіт тұрғынды өлтіріп, ондаған мың адамды босқын етуге рұқсат беріп қойып қарап отырмайды»,-деді.

АҚШ Өкілдер палатасындағы осы сионист өкілдің мұндай ұстанымы Вашингтон үкіметінің бұрынғы позицияда екенін, яғни Таулы Қарабақ аймағының тәуелсіздік алуын жақтап отырғанын көрсетеді. Шындығында Әзірбайжанның Армениямен АҚШ-тағы келіссөздері ақырында осы мұсылман үкімет пен халыққа зиянды болмақ.

Әзірбайжан мен Армения Мәскеуде екі рет атысты тоқтату бітіміне қол қойды. Алайда қол қойғаннан бірнеше сағат өткен соң тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптады. Жауласушы тараптар арасында атысты тоқтату бітімінің бұзылуы көптеген сарапшылардың Қарабақ мәселесіне сырттан араласушылықтың зор рөл ойнайтынын айтқан жағдайда орын алып жатыр.    

Шетелдік араласу жайлы мынаны айту керек: Таулы Қарабақ аймағы қазіргі таңда шетелдік ойыншылардың текетіресетін және қайшыласатын жеріне айналды, ал Әзірбайжан мен Армения халықтарының мүдделері құрбандыққа шалынып жатыр. Осыған қатысты Әзірбайжан Дінбасылар кеңесінің төрағасы әрі діни сарапшы Тоухид Ибрахим Биглудің айтуынша, «Әзірбайжан халқы мен барлық шынайы мұсылмандар Қарабақ пен оның айналасында басып алынған аудандардың ислам жерлеріне қайтарылуын қалайды. Бірақ вахаббистер мен тәкфиршілдердің Әзірбайжанға ағылуы Қарабақ пен айналасындағы аудандарды қайтарып алуға көмектеспейтіні былай тұрсын, Әзірбайжанды күрделірек қиындықытарға душар етеді».

Жалпы айта кету керек, атысты тоқтату бітімі, соның ішінде үшінші келісімді бұзудың жалғасуы ашық келісімдерден гөрі сахна сыртындағы келісімдер артық саналып жатқанын көрсетеді. Мәскеу мен Вашингтон келісімдері арқылы Таулы Қарабақ қайшылығы шешіледі дегенге сену қиын. Осы арада аймақ халықтары адами және экономикалық шығындарға ұшырап, Әзірбайжан мен Армения қақтығыстарының шынайы құрбанына айналып отыр.  

Тегтер

Сараптама