Қаз 27, 2020 15:35 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатуралардың басып шығарылуына қарсы әлемдік наразылықтар жалғасуда

Франциялық басылымның Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды басып шығаруы мен бұл елдің президенті Эмануэль Макронның Ислам туралы сөздері әлемдік айыптаулармен бетпе-бет келді.

 

Араб және исламдық елдердің көбі Франция президентінің хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатуралар туралы сөзіне реакция білдіріп, ызасын білдіріп, франциялық тауарларға эмбарго енгізуге шақырды. Бұл елдердегі наразылықтар кезінде Францияның туы мен Макронның суреттері өртелді.

Ирак халқы Франция елшілігінің алдына жиналды және ливиялықтар елдің оңтүстік қалаларында кереуен ұйымдастырып, Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізуді айыптап, араб елдерінен бұл әрекетке қарсы шығуды талап етті.

 

Тегтер

Сараптама