Қаз 30, 2020 15:35 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения әскерилерінің қақтығыстары жалғасуда

Атыс тоқтату режимінің жариялануына қарамастан Әзірбайжан мен Армения әскерилерінің Қарабақтағы қақтығыстары жалғасуда.

 

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі: «Елдің әскерилері жұма күні Армения армиясының төрт, атап айтқанда Геранбой, Тертер, Агдам және Агджабедин тұрғын аймақтарына қарсы шабуылын тоқтатты»,- деп жариялады. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл қақтығыстарда көптеген армян күштері қаза тапты және жарақат алды, сондай-ақ олардың бірақатар қару-жарағы мен екі Су-25 әскери ұшағы және 3 танкісі жойылды.

 

Тегтер

Сараптама