Қар 09, 2020 20:28 Asia/Almaty
  • Путин: Сириядағы халықаралық лаңкестік ошағы жойылды

Ресей Президенті өзінің сириялық әріптесімен сұхбатында Мәскеудің Сирияда жағдайды қалыптандыруға талпынып жатқанын айтып: «Бұл елде халықаралық лаңкестік ошағы жойылды»,-деді.

Владимир Путин  дүйсенбі күні Сирия Президенті Башар Асадпен бейнеконференция өткізіп: «Ресей Сирияда жағдайды қалыптандыру, біртұтас билік, тәуелсіздік, бірлік пен аумақтық тұтастықты қайта қалпына келтіру жолындағы талпыныстарын белсенді түрде жалғастырады»,-деді.

Ресей Президенті Сирияға қатысты «Астана үдерісі» аясындағы әріптестікті әсерлі деп атап: «Бірге көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Халықаралық лаңкестік ошағы жойылды. Біздің серіктестеріміз Иран және Түрияның қатысуымен «Астана үдерісі» аясында жасалған әсерлі талпыныстарды назардан тыс қалдыруға болмайды»,-деп қуаттады.    

Тегтер