Қар 12, 2020 20:51 Asia/Almaty
  • Лавров: Түркия бітімгер күштері Қарабаққа келмейді

Ресей Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Түркияның Қарабақ аймағына бітімгер күштерін жіберу ниетіне реакциясында: «Түркия бақылаушылары Қарабақ аймағына кірмейді»,-деді.

Сергей Лавров Түркия бітімгер күштерінің Қарабақ аймағында орналасатыны туралы уәждерді теріске шығарып: «Бітімгер күштер де Қарабақ аймағына кіргізілмейді»,-деді.  

Ресей Сыртқы істер министрі: «Ресей мен Түркияның Баку-Ереван арасындағы атысты тоқтату бітімін бақылайтын ортақ штабы алыстан ұшқышсыз ұшақтар арқылы бақылау жүргізетін болады»,-деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған кеше, сәрсенбі күні Түркия күштерінің Ресей бітімгер күштерімен бірге Армения мен Әзірбайжан арасында атысты тоқтату бітімін бақылау үшін орналасатынын айтқан болатын.  

Тегтер