Қар 26, 2020 16:28 Asia/Almaty

Шетелде жалған айыптармен ұсталған 3 ирандық азамат сионистік режимге қызмет еткен қос азаматтығы бар бір тыңшымен айырбасталып, бостандыққа шықты.

Иран Телерадио бірлестігі  ақпарат агентігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, Ұлыбритания мен Аустралияның азаматы Кайли Мур-Гилберт (Kylie Moore-Gilbert) 2018 жылғы 21 қыркүйекте тыңшылық жасап, ақпарат жинау мақсатында исламтану саласында зерттеу жүргізу сылтауымен Иранға келген, бірақ Иран қауіпсіздік  күштері тарапынан ұсталды.

Қос азаматтығы бар бұл тыңшы заң бойынша сот үдерісінен өткеннен кейін  сионистік режимнің барлауы ұйымымен әріптестік жасап, Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекет етті деген айыппен 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Екі жыл өткен соң ИИР жүйесі оны санкцияларды айналып өтті деген сылтаумен ұсталған 3 ирандық экономикалық белсендіге айырбастауға шешім қабылдады.

Тегтер