Қар 26, 2020 18:30 Asia/Almaty

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі біржақты санкцияларды бәрібір жеңіліс табатын заңсыз әрі антигуманистік әрекет деп атап: «Америкалық күштер Сирияның бір бөлігін басып алу арқылы осы елдің мұнайы мен байлығын талан-таражға салып жатыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты отырысында: «Америкалық күштер лаңкестікпен күрес сылтауымен Сирияның кейбір бөліктерін басып алу арқылы кейбір лаңкестік топтар, соның ішінде ән-Нусра майданына (Тахрир аш-Шам) қолдау көрсетіп отыр»,-деді.

Тахтраванчи сионистік режимнің Сирияға шабуылдарын айыптап, Голан жоталарын басып алуын заңсыз деп атап, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның осы аймаққа арандатушы сапарын оның Израильге қосылғанына заңдылық беру үшін жасалған шара деп атап: «Голан жоталары – Сирияның бір бөлігі. Және солай болып қала береді»,-деп қуаттады.

Тегтер