Ирандық карикатуристер Загреб көрмесінде жарқырай көрінді
Қар 27, 2020 13:36 Asia/Almaty
14-ші «Загреб» халықаралық карикатура көрмесі 3 ирандық карикатуриске арнайы марапат тапсырумен өз жұмысын аяқтады.
Бұл көрмеде 11 карикатурист үздік ретінде таныстырылды. Олардың үшеуі –ирандық. Қазылар алқасының арнайы марапаты ақшалай сыйлықпен бірге табриздік Салар Эшратхаһқа берілді.
Сондай-ақ қазылар алқасының екі жазбаша марапаты Иранның карикатуристері Неда Ходаванди мен Кейван Варасиге табысталды.
Загреб көрмесіне әлемнің 58 елінен 355 карикатурист қатысты.