Қар 28, 2020 00:08 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм түсірушілер IDFA-2020 кинофестивалінде 3 жүлде алды

Амстердам халықаралық деректі фильмдер фестивалінде (IDFA-2020) ең үздік толық метражды деректі фильм жүлдесі мен балаларға арналған ең үздік деректі фильм жүлдесі ирандық фильм түсірушілерге табыс етілді.

IDFA-2020 фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде «Бір жанұяның рентгенографиясы» атты деректі фильм ең үздік толық метражды деректі фильм жүлдесі мен мұрағатты жақсы пайдаланғаны үшін ең үздік аудио-видео жүлдесін жеңіп алды.

Сонымен қатар Аку Салеми түсірген «Шадеган» (Шаттанушылар) фильмі балаларға арналған ең үздік деректі фильм жүлдесін алды.

Онлайн форматта өтіп жатқан бұл фестиваль 6 желтоқсанға дейін жалғасын табады.

Тегтер