Қар 28, 2020 00:25 Asia/Almaty
  • Захарова: Помпеоның Сирияға тиесілі Голан жоталарына сапары халықаралық заңдарға қайшы

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Сирияға тиесілі Голан жоталарына сапарын Вашингтонның халықаралық заңдарға құрметсіздік көрсетуінің белгісі деп атады.

Мария Захарова Ресей СІМ-дегі апталық баспасөз отырысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Сирияға тиесілі Голан жоталарына сапарын сынап: «Мәскеуде бұл сапарды АҚШ-тың Батыс Азия мәселелерін шешуде халықаралық заңдарға немқұрайлы қарап отырғанының салдары деп санайды»,-деп мәлімдеді.

Помпео 19 қарашада халықаралық конвенциялар мен заңдарға қайшы бұрын‑соңды болмаған әрекетте Иордан өзенінің батыс жағалауында салынған сионистік қалашықтарды аралап, сол жерден Сирияға тиесілі Голан жоталарына аттанды.

Тегтер