Әзірбайжан армиясы Лачин қаласына енді
Жел 01, 2020 15:36 Asia/Almaty
Әзірбайжан армиясы 28 жылдан кейін Лачин қаласына енді.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Қарабақ келісімі бойынша, Армения армиясының Лачиннен шығуымен тұспа-тұс Әзірбайжан армиясының бұл қалаға енгенін хабарлады. Келісім бойынша Армения басып алған Адгам, Лачин және Кельбаджарды Әзірбайжанға қайтарады, оның орнына Арменияны Қарабақпен қосатын Лачин дәлізі ашылады. Сондай-ақ Әзірбайжан мен Нахчыван арасында тасымалдау дәлізі ашу мәндеттелді.
Бакудің оңтүстік-батысында 454 км жерде Қарабақта орналасқан Лачин қаласы 1992 жылдан бері Армения күштерінің бақылауында болды.