Жел 07, 2020 16:18 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм Түркиядағы кинофестивальде үздік фильм атанды

«Түнгі кезек» атты фильм Түркияның Hak-iş халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінде «ең үздік шетелдік фильм» жүлдесін жеңіп алды.

Ашкан Хатами түсірген «Түнгі кезек» фильмі Түркияның Hak-iş 9-шы халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінде әлемнің 12 елінен қатысқан 4217 фильмнің арасынан «ең үздік шетелдік фильм» жүлдесін жеңіп алды.

«Түнгі кезек» атты фильмде коронавирус жағдайында қызын үйде жалғыз қалдырып, кәсіби қызметі мен адамдық борышын атқарып, коронавируспен күресу үшін түнгі кезекте жұмыс істейтін мейірбике ана туралы баяндалған. Ақырында мейірбикенің өзі вирус жұқтырып, қайтыс болады.

Бұл кинофестиваль бейсенбі күні 3 желтоқсанда Анкара қаласында өтті.  

Тегтер