Жел 19, 2020 22:29 Asia/Almaty
  • Трамп үкіметінің Қытайға қарсы соңғы әрекеттері - бірнеше мақсатты

2017 жылдың қаңтарында қызметіне кіріскенінен бастап, АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға қарсы қатал және дұшпандық саясат жүргізіп, әртүрлі сауда, саяси және қауіпсіздік салаларында Бейжинге қарсы тұрды.

 

 

Сонымен бірге Вашингтон Қытайдың ішкі істеріне ашық түрде араласып, оның ішінде адам құқығын бұзу деген сылтаумен түрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Ақ үй өзінің соңғы қадамында жұма күні Дональд Трамптың қытайлық компаниялардың АҚШ биржасында акциялар ұсынуына тыйым салатын заң жобасына қол қойғаны туралы жариялады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да Қытайдың жаңа мекемелерінің тізіміне қарсы санкциялар жариялады. Жұма күнінен бастап АҚШ 80-ге жуық қытайлық компанияларды, оның ішінде микрочиптер шығаратын SMIC алып электроника компаниясын қара тізімге енгізді. Дональд Трамптың Ақ үйдегі билігінің соңғы айындағы жаңа санкциялар Вашингтон мен Бейжін арасындағы шиеленісті күшейтуге, сондай-ақ Джо Байден президент кезінде екі ел арасындағы қатынастардың жақсаруына жол бермеуге бағытталған сияқты. Сонымен қатар, жақында салынған санкцияларды Трамптың   АҚШ-тың экономикалық бәсекелестері, әсіресе Қытаймен, ауыр тарифтер мен экспортқа шектеу қою арқылы қарсыласуға негізделген сауда-экономикалық көзқарасы тұрғысынан қарастыруға болады.  Қытайлық саяси сарапшы Маджинг Ганг: «АҚШ Қытайдың экономикалық серпілісі мен дамуының  алдын алу кезеңге енді», - дейді. Трамптың тұсында АҚШ Қытайға қарсы тұру үшін бірқатар шараларды күн тәртібіне қойды. Тарифтерді көтеру, сауда соғысы, Huawei сияқты қытайлық ірі компанияларға санкциялар салу, Тайваньмен ынтымақтастықты нығайту және тіпті дамыған қару-жарақ сату, АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізіндегі кемелерінің орналасуын кеңейту, Хьюстондағы Қытай консулдығын жабу, Қытайдың Гонконг пен Шыңжаңдағы адам құқығының бұзуын сылтауратып, кең ауқымды санкциялар салу, Трамп үкіметінің Қытайға қысым жасауды күшейту саласындағы әрекеттері болды.

 

Тегтер