Қаң 21, 2021 20:10 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Джо Байден өзінің алғашқы жұмыс күнінде Дональд Трамп қабылдаған шешімдердің күшін жою мақсатында 17 бұйрыққа қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ислам елдерінің азаматтарына АҚШ-қа сапармен бару және түбегейлі көшу тыйымының күшін жою, Париж климаттық келісіміне қайта оралу, қоғамдық орындарда бетперде тағуға міндеттеу, АҚШ пен Мексика шекарасында төтенше жағдайды тоқтату – осының барлығы Байден қол қойған бұйрықтардың бір бөлігін құрайды.

АҚШ-тың жаңа Президенті осы бұйрықтарға қол қою барысында: «Осы іс-шаралар  COVID-19-дың таралуымен және климаттық өзгерістермен күресте әсерлі болатынына үміттенемін»,-деді.

Тегтер