Қаң 24, 2021 19:53 Asia/Almaty
  • Ирандық футболшылар 2020 жылғы Азия Премьер-лигасының ең үздік ойыншыларының қатарында

Азия футбол конфедерациясының сайты ирандық футболшыларды 2020 жылғы ең үздік ойыншылар қатарына қосты.

"Персеполис" футбол командасының қақпашысы Хамед Ләк 47 пайыз дауыс жинап, 2020 жылғы Азия Премьер-лигасының ең үздік ойыншысы атанды.   

Азия футбол конфедерациясы сайтының мәліметіне сәйкес, "Естеғлал" футбол командасының шабуылдаушысы Мехди Қаеди Азия Премьер-лигасының 23 жасқа дейінгі ең үздік ойыншысы атанды. Футбол ойындарының өтетін уақыты мен статистикасын жариялайтын бұл халықаралық федерация Катар футбол командасында ойнайтын тағы бір ирандық футболшы Рамин Резаианды 2011-2020 аралығындағы ең үздік 10 қорғаушының бірі деп таныстырды.

Тегтер