Қаң 24, 2021 22:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту қажеттігін қуаттады

Теһран мен Ереванның экономикалық әріптестігі қазіргі жағдайда қолда бар әлеуеттер мен қарым-қабілеттерге сәйкес келмейді. Мұндай алшақтықтың себебі неде? Бұл жағдайды екі елдің және аймақтың шынайы әлеуеттеріне сай етіп өзгертуге бола ма?

Осы сұрақтардың жауабын Иран мен Армения экономикалық басшыларының келіссөздерінен іздестіру керек.

Арменияның Экономика министрі Ваган Карапетян жұма күні осы елдің делегациясын бастап Теһранға келді. Мақсаты – Иран басшыларымен сауда айналымын арттыру туралы кеңесу. Ваган Карапетянның сенімінше, Арменияда бірлесе өнім өндіру арқылы да санкцияларды айналып өтіп, екі елдің сауда айналымын қазіргі 400 млн доллардан алдағы 6 айдың ішінде 1 млрд долларға жеткізуге болады. Ваган Карапетян Иран мен Арменияның өзара сауда және басқа елдерге ортақ өнім экспорттау саласында әріптесуі қажеттігін баса айтып: "Армения ирандық кәсіпкерлердің үшінші елдермен байланыс орнатуына жағдай жасай алады",-деді.   

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрі Әлиреза Рәзмхосейни мен Арменияның Экономика министрі Ваган Карапетян сенбі күні кешке екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойды. Иран мен Арменияның орта және шағын кәсіпорындары ұйымдарының басшылары да орта және шағын компаниялардың өзара ынтымақтастығын дамытуға көңіл бөлетін болды.   

Иран мен Арменияның сауда және мәдени қарым-қатынасы бағзы заманнан басталады. Алайда қазіргі жағдайда маңызды жайт мынау: АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен саудаға кедергілерін ескеріп, екі ел барлық салаларда бар әлеуеттерді мейлінше пайдалана алатындай жағдай жасалды.

Тау-кен, азық-түлік және тұрмыс заттарын жасау салалары екі елдің саудагерлері үшін өзара әріптестікті дамытуға қолайлы мұрсат болып табылады. Сол себепті Армения Экономика министрінің Теһранда келіссөз жүргізуі екі елдің сауда қатынасы көлемін теңестіру жолында кедергілерді жою және екіжақты жеңілдіктер жасау мақсатында тиісті шешімдерді қабылдау үшін қолайлы мұрсат болып табылады.

Арменияның Экономика министрі екі елдің банкаралық мәселесін шешудің маңыздылығына тоқталып, Иран Орталық банкінің төрағасы Абдулнасер Хемматиді Ереванға іссапармен келіп, Армения Орталық банкінің төрағасымен банк және қаржы алмасу мәселелерін талқылауға шақырды.

Еуразия ұлттық университетінің зерттеулер факультетінің бір сарапшысы: "Орта Азия елдері Иранмен байланыс орнатуды қалайды. Теһранмен екіжақты қарым-қатынас деңгейін арттыру үшін түрлі салаларда табысы мол боларлық инвестициялар салынуы тиіс",-деді.  

Қазіргі таңда ИИР да, Армения да Еуразия экономикалық одағына мүше. Бұл – аймақтық қарым-қатынасты дамытуға жақсы мүмкіндік. Аймақтық экономикалық ынтымақтастық тиімді болған жағдайда аймақтың саяси бірлігі мен интеграциясына жол ашылады.    

Тегтер