Хатибзаде танкердің тоқтатылғанына реакция білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Iran Press-тің тілшісіне берген сұхбатында Индонезияның ирандық танкерді тоқтатқаны туралы: «Бұл – техникалық мәселе. Кеме қатынасында мұндай жағдайлар болып тұрады. Айлақтар мен кеме қатынасы компаниясы, Джакартадағы Иран елшілігі және Иран СІМ мәселенің себебін анықтап, шешуге талпынып жатыр»,-деді.
Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз конференциясында аймақтық өзгерістер мен Сауд Арабиясының көзқарасы туралы: «Егер Сауд Арабиясы шынымен-ақ қатігездікті доғарып, трансаймақтық елдермен әріптестіктен алшақтаса, Иран бұл елді құшақ жая қарсы алады»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Йемен халқының бомбаланып жатқанын, Ансаролланың АҚШ-тың лаңкестер тізіміне енгенін көре отырып, Сауд Арабиясының аймақта келіссөз өткізуді көздейтініне сене алмаймыз»,-деді.