Тәжікстан өзінің әскери қуатын Қазақстан берген құрал-жабдықтармен арттырады
Қаң 26, 2021 00:13 Asia/Almaty
Қазақстан Тәжікстанның қорғаныс қуатын нығайту мақсатында осы елге тегін әскери құрал-жабдықтар береді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін бұл құжат екі елдің парламенттеріне ратификациялануға жіберіледі.
Осы құжатты орындауға жауапты органдар – Тәжікстан мен Қазақстанның қорғаныс министрліктері.
Қазақстанның әскери-техникалық құралдары Тәжікстанға теміржол арқылы жіберіледі.
Қазақстанның оқ-дәрілер, инжеренерлік, медициналық және коммуникациялық құрал-жабдықтардан тұратын соңғы әскери көмегі 2019 жылы Тәжікстанға жөнелтілген болатын.
Қазақстан биыл әлемнің 138 елі арасында әскери қуат тұрғысынан 62 орында тұр. Бұл елдің қорғаныс саласына бөлетін бюджеті 4 млрд доллар деп есептелді.