Қаң 26, 2021 02:44 Asia/Almaty
  • Зарифтің Бакуге сапары

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке аймаққа сапарының алғашқы мақсатында Әзірбайжан республикасының астанасы Бакуге барды.

Сапардың басты тақырыбы – қазіргі жағдайда аймақтық әріптестік туралы сұхбаттасу.

Зариф осы сапардың соңында Бакуден Мәскеуге аттанып, Ресей басшыларымен кездеседі және алдағы күндері Армения, Грузия және Түркияға (ықтималды) барады.

Бұл елдер ИИР-мен өте тығыз қарым-қатынаста және аймақтық әріптестікте Иранмен стратегиялық ықпалдастықты сақтап келеді. Әзірбайжан республикасы – осындай аймақтық экономикалық байланыстың бір бөлігі. Сол себепті екіжақты және аймақтық мәселелер Иран Сыртқы істер министрінің бүгінгі кездесулерінің басты өзегі болды.

Иранның аймақтық саясаты ынтымақтастық пен интеграцияға негізделген. Сол негізде Иран аймақ елдерінің ортақ экономикалық және қауіпсіздік жобаларында әріптестік жасауын қалайды. Осы тұрғыдан  Зарифтің аймаққа сапары, соның ішінде Бакуге баруы үш қырдан маңызды:

Сапардың маңыздылығының бірінші қыры – Қарабақ соғысынан кейінгі аймақтағы жаңа жағдай.

ИИР аймаққа таңылған дағдарыстарды саяси жолмен шешуге жәрдемдесуге талпынады. Қарабақ қайшылығы басталысымен-ақ Иран бұл мәселені дипломатиялық жолмен диалог өткізу арқылы шешу саясатын ұстанды.

Осы сапарда Теһран мен Баку басшылары келіссөздерінің маңыздылығының екінші қыры – аймақтық деңгейде қарым-қатынасты дамытуды қолдау. Екі елдің географиялық жағдайының қолайлылығы, яғни Кавказ бен Каспий теңізі  аймағында орналасуы және екі елдің солтүстік-оңтүстік транзиттік жолымен байланысуы Теһран мен Бакудың транзиттік тасымалды стратегиялық деңгейде дамытуы қажеттігін арттырып отыр.

«Солтүстік-оңтүстік» тасымал дәлізі Ресей, Әзірбайжан мен Иранды жақындастыруда маңызды рөл ойнайды.

Зарифтің Бакуге сапарының маңыздылығының үшінші қыры – Кавказ бен Каспий теңізі аймағында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін тудыру.