Ақп 19, 2021 20:36 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы   мен Иранға қатысты екіжақты және қарама-қайшы  қадамдары

Иранның Қосымша хаттаманы іске асыруын тоқтату уәдесін орындау уақыты жақындаған сайын, Вашингтон екіжақты әрекетке мәжбүр болды.

 

Осыған байланысты, Байден үкіметі бейсенбі күні өзінің ізгі ниетін көрсету үшін бірнеше символикалық қадам жасады. АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша сенімді өкілі Ричард Майлз Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған хатында Трамп үкіметінің «Моше механизмін»  іске қосу және Иранға қарсы барлық халықаралық санкцияларды автоматты түрде қайта бастауға қатысты ұстанымын қайтып алды.  АҚШ тағы бір қадамында ирандық дипломаттардың Дональд Трамптың БҰҰ-ның штаб-пәтері орналасқан  Нью-Йоркте  жүруіне тыйым салған қатаң шектеулерді жеңілдетеді. Сонымен қатар, АҚШ-тың жоғары лауазымды басшыларының бірі бейсенбі күні: «Еуроодақ шақырса, АҚШ Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын»,- деп мәлімдеді. Бұл сырт көзге оң көрінетін қадамдарымен бірге Вашингтон Иранға қысым көрсету және қауіп төндіруді мақсат етуде. Бұл салада АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен еуропалық үштік (Германия, Франция және Ұлыбритания) Сыртқы істер министрлері бейсенбіде виртуалды кездесуден кейін бірлескен мәлімдемесінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты бұзғанынан кейінгі  Иранның заңды әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Олар өз елдерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамағандары туралы ешнәрсе айтпай, Ираннан бұл келісімде міндеттемелерін қысқарпауды, әсіресе Қосымша хаттаманың орындалуын тоқтатпауды және Ирандағы АҚХА-нің бақылауларына шектеу қоймауды талап етті. Джо Байден егер АҚШ Президенті сайланып, Ақ үйге барса,  «Ортақ қадам» ядролық келісіміне қайта оралу туралы уәде берген болатын.Бірақ оның үкіметінің құрылағынан шамамен бір ай өткенімен АҚШ бұл салада белгілі шешім қабылдамады.

Америкалық саяси сарапшы Джозеф Сиринсионе Байденнің осы уақытқа дейін Трамптың нәтижеге жетпеген Иранға барынша қысым жасау саясатын  жалғастырып отырғанын қуаттап: «Байден өзінің саясатын түзетпейінше, маңызды ядролық келісімді жоғалту қауіп қалады»,- деді.  Осы кезде Иранның Қосымша протоколды іске асыруын тоқтатуы және Агенттіктің бақылауына шектеу қою уәделерін іске асыру күні, 23 ақпан жақындаған сайын батыстықтар, әсіресе АҚШ кейбір жеңілдіктер беріп, Иранның өз уәдесін іске асыру ерік-жігерін әлсіретуге талпынуда. Қазір Иранға қарсы біріккен майданда әрекет етіп жатқан АҚШ пен оның еуропалық серіктестері  Иранның негізгі талабын орындамай, яғни  АҚШ-тың бұл елге қарсы санкцияларын толығымен алып тастамай,   Теһранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартпай, оларды толық орындауға мәжбүрлеуге үмітті. Алайда Тегеранның ұстанымы тұрақты және өзгермейді. Иран өзінің міндеттемелеріне АҚШ барлық санкцияларды ауызша немесе қағаз жүзінде емес, іс жүзінде алып тастаған және санкциялардың жойылуы Иранмен тексерілгеннен кезде ғана оралады.

  

 

Тегтер