Ақп 22, 2021 00:01 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Батыстың үнсіздігі мен екіжүзділігі саясында өзінің ядролық жұмыстарын жасырын түрде жалғастыруда

2019 жылы 8 мамырда АҚШ ядролық келісімнен біржақты негізде шыққанынан бір жыл өтіп, Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның мүдделерін кепілдендіру үшін ұсынған жолдарының тиімсіздігі расталғаннан кейін ИИР осы бағдарламадағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін аталмыш келісімнің 26 және 36 баптарына сәйкес 5 кезеңде тоқтатты.

Иран 23 ақпанда ерікті түрде жасалған істерді «Иран халқының құқығын қорғау және санклияларды жоюға бағытталған стратегиялық шаралар» заңы қалыбында тоқтатуға ниеттеніп отыр.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуда әлсіз әрекет еткен АҚШ пен үш еуропалық ел Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қатты алаңдаушылық білдіріп,  Иранның заңды талаптарына жауап бермей отыр.  

ИИР Сыртқы істер министрі Твиттердегі жеке парақшасында осындай қатынасқа реакция білдіріп, Батыстың ядролық мәселеге қатысты ұстанымын екіжүзді деп атап, АҚШ пен Еуропа елдерінің Израиль режимінің Димонадағы ядролық қоймасын дамытуына қатысты үнсіз қалуын сынады. Димона – аймақтағы жалғыз атом бомбасын жасайтын зауыт.

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Твиттердегі жазбасында: «АҚШ Президенті, АҚХА, Борис Джонсон, Эммануэль Макрон, Ангела Меркель,  қатты алаңдайсыздар ма? Сіздерге тек пікір білдірген маңызды ма? Менше солай»,-деп жазды.

Al-Mayadeen ақпарат арнасы жұма күні кешке 4 қаңтарда спутниктен түсірілген суреттерді жариялап: «Халықаралық бөлшектелуші заттар тобы бұл суреттерде Нақаб даласындағы Димона атом стансасы мен заңсыз зерттеу орталығында жаңа ғимарат салынып жатқаны расталды»,-деп мәлімдеді.

Guardian ағылшын газеті Принстон университетінде әлемдік қауіпсіздікке қатысты ғылыми бағдарламаның зерттеушісі Пауел Будвигге сілтеме жасап: «Құрылыс 2019 жылдың басы немесе 2018 жылдың аяғында басталған сияқты. Яғни оның басталғанына шамамен екі жыл болды»,-деп жазды.

Америкалық ғалымдардың федерациясы Израильдің ядролық арсеналында Димона ауыр су реакторында плутонийден жасалған 90-ға жуық ядролық оқтұмсық бар.   

Израиль режимі Димона реакторын салуды 1950 жылдары Франция үкіметінің құпия түрдегі ауқымды көмегінің арқасында бастап, АҚШ-тың әріптестігімен дамытты.

Бұл жұмыстар Израиль режимі өзінің заңсыз ядролық нысандарын тексеруге рұқсат бермей, Ядролық қарулардың таралуына тыйым салу хаттамасына қол қоймаған жағдайда жалғасып жатыр.

Еуропа мен АҚШ Иранның бейбіт ядролық жұмыстары туралы жалған уәж айтады, алайда Иранның жұмыстарына жүйелі түрде бақылау жасалады. Иран АҚХА-мен әріптестік аясында ерікті түрде межеден тыс шара атқарды.  

Иран басшыларымен кездесу үшін Теһранға сапармен барған АҚХА-ның Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның агенттікпен жақсы әріптестік жасағанын сан рет растады.

Иран қазір де мына шындықты баса айтуда: еуропалық елдер жалған жарнаманың орнына өздерінің мыңдаған ядролық қаруларына қарауы тиіс және аймақ пен әлемде ядролық қарулардың таралуына себеп болып отырған екіжүзділіктен бас тартуы тиіс. Израиль мен Сауд Арабиясының жасырын ядролық жұмыстары – осындай бүлдіргі қатынастың екі үлгісі.

Иран Сыртқы істер министрі бұдан бұрын сионистік режимнің 2019 жылы желтоқсан айында ядролық зымыранды сынағанына реакциясында: «Үш еуропалық ел – Германия, Ұлыбритания, Франция мен АҚШ ешқашан Батыс Азиядағы жалғыз ядролық арсенал туралы шағым айтпайды. Израильде шынымен-ақ ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға жобаланған зымырандар бар. Ал олар Иранның қалыпты қорғаныс қаруларына шүйлігіп отыр»,-деп жазды.

Тегтер