Нау 01, 2021 16:31 Asia/Almaty
  • Пәкістан Теһран-Стамбұл-Исламабад пойызын қарсы алуға дайындалып жатыр

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының контейнерлі пойызының Стамбұлдан шығып, Теһранды басып өтіп, Исламабадқа жету бағдарламасы қорытындыланды. Пәкістан басшылары пойызды қарсы алуға дайындалып жатыр.

Бір ақпарат көзі Иран, Пәкістан мен Түркияның  Экономикалық ынтымақтастық ұйымының негізін қалаған мүше елдер ретінде ECO контейнерлі пойызының қозғалысын қайта бастауға келіскеніне тоқталып, оны үш елдің аймақтық қарым-қатынасын дамытуда, тауар айналымы мен жолаушы тасымалын жеңілдету және ұзақ мерзімді экономикалық артықшылықтар беруде маңызды жетістік деп атады.

 

Тегтер