Нау 03, 2021 15:31 Asia/Almaty
  • Гутерреш Йемен туралы Зарифпен сөйлесті

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш сейсенбі кешке Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен Йемендегі жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті.

Гутерреш ИИР-ның Йеменде бейбітшілік орнатуға  көмектесуін жалғастыруға шақырды. Зариф те Иранның БҰҰ-ның Йеменде әділ бейбітшілікке қол жеткізу талпынысын қолдайтынын қуаттап, соғысты тоқтату, қоршауды алып тастау және Йемен халқына гуманитарлық көмек көрсету  қажеттілігін қуаттады. Соңғы алты жылда Иран әрдайым соғысушы елдерді соғысты және Йемен қоршауын тоқтатуға және оны бейбіт жолмен шешуді қарастыруға шақырды.