Нау 04, 2021 21:57 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ ядролық келісімге қайта оралу үшін келіссөз өткізудің қажеті жоқ

Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ ядролық келісімге қайта оралу үшін келіссөз өткізудің қажеті жоқ. Өйткені АҚШ-тың өзі бұл келісімнен біржақты негізде шығып кетті»,-деді.

Саид Хатибзаде Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында алдымен ядролық келісім тақырыбына тоқталып: «Вашингтон мен Еуропа елдері ядролық келісімнің баптарын орындап, құқықтық шараларын тоқтатқан жағдайда  АҚШ-тың  ядролық келісімге қайта оралуы үшін келіссөз өткізудің қажеті жоқ.»,-деді.  

Ол Йемен соғысына тоқталып: «Сауд Арабиясы Йеменді қоршауды және осы елге қарсы соғыс жүргізуді доғарады деп үміттенеміз. Барлық елдер, соның ішінде Сауд Арабиясы Йемен халқының қайғы-қасіретін тоқтату үшін әріптестік жасауы тиіс»,-деп қуаттады.

Тегтер