Нау 04, 2021 22:05 Asia/Almaty

ИИР-ның Ресейдегі елшісі: «Ресейлік вакцинаның үшінші топтамасы Иранға жіберілді»,-деп мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Казем Джалали: «Спутник V» вакцинасының 200 мың дозадан тұратын үшінші топтамасы бүгін, бейсенбі Теһранға жіберілді»,-деді.  

Казем Джалали жақын болашақта «Спутник V» вакцинасын бірлесе өндіру желісін салу жұмыстары басталатынын айтып: «Жуырда бұл өндіріс желісі Теһранда іске қосылатын болады. Иран тек өзінің ішкі қажеттілігін өтеп қоймайды, көршілес елдерді де вакцинамен қамтамасыз ететін болады»,-деді.

Тегтер