Нау 04, 2021 23:43 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қылмыстары тексеріле бастады

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот (ICC) сионистік режимнің басып алынған Палестина жеріндегі соғыс қылмыстарына қатысты тексеріс жұмыстарын бастады.

Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Фату Бенсуда сәрсенбі күні, 3 наурызда мәлімдеме жасап, Израильдің 2014 жылы Газа секторындағы соғыс кезінде, Иордан өзенінің батыс жағалауында және Құдстың шығысында сионистік қалашықтар салу барысында жасаған соғыс қылмыстарына қатысты тексеріс жұмыстарын бастағанын хабарлады.

Халықаралық қылмыстық сот 2021 жылы ақпан айының басында Палестина жерінде жасалған соғыс қылмыстарын тексеруге өкілеттігі барын мәлімдеді.

АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың сионистік режим қылмыстарына қатысты іс ашуға шешім қабылдағанына қатты қарсылық білдірді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Эдвард Прайс Байден үкіметінің Трамп билігі кезінде Фату Бенсуда мен жоғары соттың басқа қызметкерлеріне қарсы салынған санкцияларды қайта қарастырып жатқанын айтты. Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху да Халықаралық қылмыстық соттың осы шешіміне реакциясында: «Бұл тақырып оның антисемиттік болмысын көрсетеді»,-деп уәж айтты. Ал ХАМАС қозғалысының ақпарат өкілі Хазем Қасем Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне ризалық білдіріп: «ХАМАС Халықаралық қылмыстық соттың шараларын қолдайды»,-деді.  Палестина автономды құрылымының Сыртқы істер министрі де Халықаралық қылмыстық сотта сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соғыс қылмыстарына қатысты іс қозғалатынына қолдау білдірді.

АҚШ-тың Халықаралық қылмыстық сот шешіміне теріс реакция білдіруі Вашингтонның Израильге қалтқысыз жан-жақты қолдау көрсету саясатын жалғастырып жатқанын көрсетеді. Ал Байден үкіметі Тель-Авивпен палестиналықтар мәселесі жөнінде қайшылығымыз бар деп уәж айтқан еді. АҚШ Израильдің барлық қылмыстары мен антигуманистік әрекеттеріне көз жұма қарап,  бұл салада да оны ашық түрде қорғап отыр.

Тегтер