Нау 05, 2021 18:03 Asia/Almaty

Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технология министрлігінің есебі бойынша, бұл ел он бір жыл қатарынан әлемнің ең ірі өндіріс полюсі ретіндегі орнын сақтап қалды. Әлемдегі өндірістің 30 пайызға жуығы Қытайға тиесілі.

Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технология министрі: «Өткен 5 жылда Қытайдың өнеркәсіп өнімдерінің қосылған құн салығы 23,5 трлн юаньнан (шамамен 3,63 трлн доллар) 31,3 трлн юаньға өсті»,-деді. Осы ведомствоның есебі көрсеткендей, Қытай экономикасын дамытудың он бірінші бесжылдық бағдарламасы барысында (2016-2020) дамыған технология қолданылған өнімдердің қосылған құн салығының орташа деңгейі 10,4 пайызға жетті. Бұл жалпы өнеркәсіптегі өндірістің өсімінен 4,9 пайызға артық.