Нау 07, 2021 17:53 Asia/Almaty
  • Рухани: Еуропа

ИИР Президенті Ирландия Сыртқы істер министрімен кездесуінде Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекетсіздікті доғаруы тиіс екенін айтты.

Рухани жексенбі күні Теһранда Ирландия Сыртқы істер министрі Саймон Кавнимен кездесуінде: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осы ұйымның қарарларын бұзғаны үшін АҚШ-тың бұрынғы үкіметіне тиісті қатынас көрсетуі керек",-деді.

Рухани АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз санкциялары мен барынша қысым саясатының жеңіліс тапқанын және осы ел басшыларының мұны мойындағанын айтып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының көпжақты халықаралық келісім ретінде қайта күшіне енуі АҚШ-тың санкцияларды толық жоюы және барлық мүше елдердің өз міндеттемелерін толық орындауына тікелей байланысты",-деді.

ИИР Президенті: "Иран – ядролық келісімдегі міндеттемелеріне берік болып, оны сақтап қалу үшін шығын шығарған жалғыз ел. Алайда бұл жағдай осы күйінде жалғаса бере алмайды",-деді.

Тегтер